02.11.2025 14:14

Жоан Гарсия қашан оралады?

02.11.2025 14:14

«Барселона» қақпашысы Жоан Гарсияның жағдайы белгілі болды

Marca мәліметінше, 24 жастағы футболшы жеке бағдарлама бойынша шынығып жүр. Келесі аптада топтық жаттығуға қосылады екен. Ал алаңға 22 қараша күні өтетін «Атлетикке» қарсы ойында оралады деп күтілуде.

Испаниялық голкипер тізесіндегі жарақатына байланысты соңғы алты кездесуге қатыспаған еді.

Гарсия осы маусымда жеті матчта қақпасына бес гол өткізіп, үш ойында доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram