02.11.2025 13:53

Хави Симонстың жағдайы қиын

02.11.2025 13:53

Хави Симонс нәтиже көрсетуге асығар емес

«Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Хави Симонс әзірге Англия премьер-лигасына бейімделе алмай жүрген секілді. Футболшы клуб сапында 12 матч өткізіп, небәрі бір нәтижелі паспен көзге түсті. Мамандар «65 миллион еуро тұратын ойыншыға бұл нәтиже сын» дейді.

Кеше өткен «Тоттенхэм» мен «Челси» арасындағы ойында Симонс жетінші минутта жарақат алған Стивен Бергваляның орнына алаңға шыққанымен, бір сағаттан соң бапкер Томас Франк оны қайта алмастырды.

«Тоттэнхем» қазіргі таңда турнирлік кестеде 4-орында келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram