02.11.2025 13:08
«Ньюкасл» шабуылшы іздейді
02.11.2025 13:08
«Ньюкасл» «Атлетико» шабуылшысын өз қатарына қоспақ

«Ньюкасл Юнайтед» командасы «Атлетико Мадрид» клубының шабуылшысы Александр Серлотқа қызығушылық танытты. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, «Атлетико» шабуылшыны сатуға қарсы емес. Серлот соңғы айларда негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, көрсеткіштері төмендеп кеткен.

«Ньюкасл» басшылығы ойыншыны Ағылшын премьер-лигасындағы шабуыл әлеуетін күшейту мақсатында Вольтемаденің сенімді серігін іздеуде. Қос футболшының физикалық күші мен жылдамдығы клубтың шабуыл қарқынын арттыруға сеп болмақ.
Серлот бұған дейін Премьер-лигада өнер көрсеткен. Сондықтан ағылшын футболының қарқыны мен стиліне жақсы бейімделген.
Келісім қысқы трансфер кезеңінде жүзеге асуы мүмкін.