02.11.2025 03:15
«Реал» жарқын жеңіске жетті
02.11.2025 03:15
Испания Ла Лигасының 10-туры аясында «Реал» өз алаңында «Валенсияны» тізе бүктірді

Сантьяго Бернабеу атындағы стадионда өткен кездесуде Мадридтің клубы 4:0 есебімен жеңіске жетті.
«Бланкос» сапында Килиан Мбаппе дубль авторы атанса, Альваро Каррерас пен Джуд Беллингем бір голдан тоғытты. Сондай-ақ бірінші тайм аяқталар тұста Винисиус Жуниор пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша 10 ойыннан кейін 27 ұпай жинаған Хаби Алонсо шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
Келесі турда команда 9 қараша күні «Райо Вальеканоға» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасы аясында түзде «Ливерпульмен» шеберлік байқасады.