02.11.2025 00:55
Роналду «Әл-Насрға» жеңіс сыйлады
02.11.2025 00:55
Саудия Про-лигасының 7-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Фейханы» 2:1 есебімен жеңді

Эр-Рияд клубының сапында Криштиану Роналду дубль авторы атанды.
Осылайша 40 жастағы португалиялық шабуылшы мансабындағы 951 және 952-голдарын соқты.
Бұл жеңістің арқасында «Әл-Наср» 21-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
Роналду бастаған ұжым келесі турда 8 қараша күні «Неомға» қонаққа барады.