02.11.2025 00:26

«Бавария» «Байерді» ірі есеппен жеңді

02.11.2025 00:26

Германия Бундеслигасының 9-турында «Бавария» өз алаңында «Байерді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Мюнхен клубының сапында Серж Гнабри мен Николас Джексон мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ Лоик Баде автогол авторы атанды.

Осылайша ұпайдан шашау шығармай келе жатқан «Бавария» турнир кестесінде қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда 8 қараша күні «Унион Берлинге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram