01.11.2025 22:48
ПСЖ жеңісті жұлып әкетті
01.11.2025 22:48
Франция Бірінші лигасының 11-турында ПСЖ өз алаңында «Ниццадан» басым түсті

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Жалғыз голды Гонсалу Рамуш 90+4-минутта соқты.
Осылайша 22-ұпайын еншілеген Париждің клубы турнир кестесінде көш бастады.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда 10 қараша күні «Лионға» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Баварияны» қабылдайды.