01.11.2025 21:54
«Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты
01.11.2025 21:54
«Манчестер Юнайтед» ұпайдан шашау шығарды

Ағылшын Премьер-лигасының 10-туры аясында «Ноттингем Форест» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдады. Тартысқа толы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. 34-минутта Каземиро есеп ашты. Екінші таймда сенімді ойын өрнегін көрсеткен «орманшылар» 48 және 50-минуттарда қос гол соғып, алға шықты. Гол авторлары: Гиббс-Уайт, Николо Савона. Ойынның аяқталар тұсында Амад Диалло таразы басын теңестіріп кетті.
Соңғы 3 ойында қатарынан жеңіске жеткен «қызыл сойқандар» бұл жолы 1 ұпайды қанағат тұтты.
Қазіргі таңда «МЮ» турнирлік кестеде 5-орында келеді. Кезекті ойынын 8 қараша күні «Тоттенхэмге» қарсы өткізеді.