01.11.2025 20:25

«Барселона» «Камп Ноуға» қашан оралады?

01.11.2025 20:25

«Барселонаның» төл стадионы «Камп Ноуға» қашан оралатыны белгілі болды

Marca мәліметінше, Каталония клубы 22 қараша күнгі Ла Лигадағы «Атлетикке» қарсы ойынды су жаңа аренада өткізеді.

Сонымен қатар УЕФА рұқсат берсе Чемпиондар лигасындағы матчтарды да өз алаңында қабылдауға мүдделі.

Осыған дейін «блауграна» 7 қараша күні «Камп Ноуда» ашық жаттығу болатынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, «Камп Ноудың» құрылысы 2023 жылдың маусым айында басталды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram