01.11.2025 21:45
«Арсенал» сенімді жеңіске жетті
01.11.2025 21:45
Ағылшын Премьер-лигасының 10-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Бёрнлиді» 2:0 есебімен жеңді

Лондон клубының сапында Виктор Дьокереш пен Деклан Райс гол авторы атанды.
Осылайша 25-ұпайын олжалаған «зеңбірекшілер» турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Микель Артета шәкірттері келесі турда, 8 қараша күні «Сандерлендке» қонаққа барады.