27.10.2025 11:38
«Арсенал» 700-ші жеңісіне қол жеткізді
27.10.2025 11:38
«Арсенал» АПЛ 9-турында «Кристал Пэластан» 1:0 есебімен басым түсті.
Осылайша лондондықтар Англия Премьер-лигасында 700+ жеңіске жеткен екінші клуб атанды.
Оған дейін бұл межені «Манчестер Юнайтед» (760 жеңіс) бағындырған еді.
Ал топ-6 қатарында «Ливерпуль» (682), «Челси» (671), «Тоттенхэм» (556) және «Манчестер Сити» (555) бар.