27.10.2025 12:01

АПЛ-дың басты фавориті аталды

27.10.2025 12:01

Opta суперкомпьютері 9-турдан кейін Ағылшын Премьер-лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» бастап тұр. Лондондықтардың чемпион атану ықтималдығы 67,34%-ды құрайды.

Екінші орынға «Манчестер Сити» (12,43%) жайғасса, үздік үштікті «Ливерпуль» (11,04%) түйіндеді. Сондай-ақ алдыңғы бестіктің қатарына «Челси» (1,68%) мен «Астон Вилла» (1,50%) кіреді.

Турнир кестесінде тоғыз турдан кейін 22 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр. Микель Артета шәкірттері екінші орындағы «Борнмуттан» бес ұпай озып кеткен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram