26.10.2025 21:22
«Арсенал» «Кристал Пэластан» басым түсті
26.10.2025 21:22
Ағылшын Премьер-лигасының 9-турында «Арсенал» өз алаңында «Кристал Пэласты» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды «Арсеналға» дәл осы «Кристал Пэластан» ауысып келген Эберечи Эзе соқты.
Осылайша тоғыз ойыннан кейін 22 ұпай жинаған Микель Артета шәкірттері турнир кестесінде көш бастады.
«Зеңбірекшілер» келесі турда 29 қазан күні «Брайтонды» қабылдайды.