22.10.2025 02:12

«Арсенал» «Атлетиконың» тас-талқанын шығарды

22.10.2025 02:12

Чемпиондар лигасының 3-туры аясында «Арсенал» өз алаңында «Атлетикодан» 4:0 есебімен басым түсті

Лондон клубының сапында Виктор Дьокереш дубль жасаса, Габриэль Магальяеш пен Габриэль Мартинелли бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша үш ойында тоғыз ұпай жинаған «зеңбірекшілер» турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Микель Артета шәкірттері келесі турда Праганың «Славиясымен» күш сынасады

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram