22.10.2025 02:01
ПСЖ «Байерді» ойсырата жеңді
22.10.2025 02:01
Чемпиондар лигасының 3-туры аясында ПСЖ сырт алаңда «Байерді» 7:2 есебімен жеңді

Париж клубының сапында Дезире Дуэ дубль жасаса, Хвича Кварацхелия, Витинья, Уильян Пачо, Нуну Мендеш, Витинья және Осман Дембеле бір голдан тоғытты.
Осылайша үш ойында тоғыз ұпай жинаған ПСЖ турнир кестесінде көш бастады.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда «Баварияға» қонаққа барады.