01.11.2025 22:19

«Арсенал» рекорд орнатты

01.11.2025 22:19

Ағылшын Премьер-лигасының 10-турында «Арсенал» «Бёрнлиді» 2:0 есебімен жеңді

Матчтағы алғашқы голды 14-минутта Виктор Дьокереш бұрыштан асырылған доптан кейін тоғытты.

Осылайша «зеңбірекшілер» АПЛ-дың бастапқы 10 турында бұрыштамадан сегіз гол соққан тарихтағы алғашқы клуб атанды.

Айта кетейік, еншісінде 25 ұпайы бар Лондонның клубы турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Микель Артета шәкірттері келесі турда, 8 қараша күні «Сандерлендке» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram