02.11.2025 00:42

«Челси» «Тоттенхэмнен» басым түсті

02.11.2025 00:42

Ағылшын Премьер-лигасының 10-турында «Челси» сырт алаңда «Тоттенхэмді» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды 34-минутта Жоао Педро соқты.

Осылайша 17-ұпайына қол жеткізген «Челси» турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Еншісінде дәл осындай ұпайы бар «Тоттенхэм» үшінші орында тұр.

Келесі турда Энцо Мареска шәкірттері «Вулверхэмптонмен» кездессе, Томас Франктың командасы «Манчестер Юнайтедпен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram