02.11.2025 03:12

«Ливерпуль» көптен күткен жеңіске жетті

02.11.2025 03:12

Ағылшын Премьер-лигасының 10-туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Астон Вилланы» тізе бүктірді

«Энфилд» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Мұхамед Салах пен Райан Гравенберх қақпа торын тулатты.

Осылайша 18-ұпайын еншілеген Мерсисайдтың клубы live-кестеде үшінші орынға көтерілді.

Арне Слот шәкірттері келесі турда 9 қараша күні «Манчестер Ситиге» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында Мадридтің «Реалын» қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін «қызылдар» ішкі біріншіліктегі соңғы төрт матчта жеңіліс тапқан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram