02.11.2025 02:40

«Ювентус» үш ұпай еншіледі

02.11.2025 02:40

Италия А Сериясының 10-турында «Ювентус» сырт алаңда «Кремонезені» 2:0 есебімен жеңді

Турин клубының сапында Филип Костич пен Андреа Камбьязо мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын 38 жастағы Джейми Варди соқты.

Сондай-ақ бұл – Лучано Спаллеттидің «Ювентус» тізгініндегі алғашқы матчы болды.

Осылайша 18-ұпайына қол жеткізген «бьянконери» турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. «Қарт синьора» келесі турда 8 қараша күні «Ториноны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram