02.11.2025 09:03

Рэмзи бұрынғы клубына оралуы мүмкін

02.11.2025 09:03

Аарон Рэмзи Англияға оралуы мүмкін

Уэльстің жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи мексиканың «Пумас» командасымен келісімшартын өзара бұзды. Ендігі мақсат - Англия болуы бек мүмкін.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, ойыншының мұндай шешім қабылдауына жеке жағдай себеп болған. Келісімшарттың бұзылуының нәтижесінде Рэмси еркін агент атанды. Енді өзіне жаңа клуб іздеу үстінде. Әзірге оның болашақ командасы белгісіз, алайда кей деректерге қарағанда, футболшы бұрын өнер көрсеткен «Арсеналға» қайта оралуы мүмкін.

«Зеңбірекшілер» ойыншының қаржылық талаптарын қанағаттандырса, бұл ауысым жүзеге асуы әбден ықтимал.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram