02.11.2025 17:23

Джейми Варди бабында

02.11.2025 17:23

Шабуылшы «Ювентус» қақпасына гол соқты

Джейми Варди Италия чемпионатында атой салып жүр. 38 жастағы тәжірибелі ойыншы Серия A-дағы екінші голын соғып, «Ювентусты» бір үркітіп алды.

Кездесудің 81-минутында Йессе Йонсеннің пасынан кейін Варди тәжірибеге салып қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. Ол өзінен 11 жасқа кіші Федерико Гаттиді артқа тастап, әлі бабында екенін дәлелдеді.

Дегенмен бұл ойында 1:2 есебімен «Ювентус» «Кремонезе» командасынан басым түсті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram