02.11.2025 21:37

Рональд Араухо Неймармен теңеседі

02.11.2025 21:37

«Барселона» қорғаушысы Рональд Араухо «Эльчеге» қарсы ойынды алғашқы минуттан бастайды

Бұл уругвайлық қорғаушы үшін «блауграна» жейдесіндегі 186-матчы болмақ. Осылайша Араухо бұл көрсеткіш бойынша Каталония клубында 2013-2017 жылдары ойнаған Неймармен теңесті.

Ал рекорд 778 матч өткізген Лионель Мессиге тиесілі. Екінші орынға Хави (767) жайғасса, үздік үштікті Серхио Бускетс (722) түйіндеп тұр. Араухо болса небәрі 89-орынға көтеріледі.

Ла Лиганың 11-туры аясында өтетін ойын сағат 22:30-да басталады. Матчты Setanta Sports 2 арнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram