03.11.2025 00:19

«Барселона» сенімді жеңіске жетті

03.11.2025 00:19

Испания Ла Лигасының 11-турында «Барселона» өз алаңында «Эльчені» 3:1 есебімен жеңді

Каталония клубының сапында Ламин Ямаль, Ферран Торрес және Маркус Рэшфорд мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Рафаэль Мир соқты.

Осылайша 25-ұпайын еншілеген «блауграна» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Көш басында 30 ұпайы бар «Реал» тұр.

Ханси Флик шәкірттері енді алдағы екі матчын түзде өткізеді. Алдымен 6 қарашада Чемпиондар лигасында «Брюггеге» қонаққа барады. Одан кейін араға төрт күн салып, ішкі біріншіліктің кезекті турында «Сельтамен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram