03.11.2025 11:43
Эрик тен Хаг АПЛ клубын тізгіндеуі мүмкін
03.11.2025 11:43
Кеше, 2 қараша күні «Вулверхэмптон» бас бапкер Витор Перрейраны қызметінен босатқан еді

TalkSPORT мәліметінше, Перрейраның орнын басуға «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы тәлімгері Эрик тен Хаг басты үміткер болып тұр.
Сондай-ақ кандидаттар қатарында Брендан Роджерс, Уле-Гуннар Сульшер, Стивен Джеррард, Фрэнк Лэмпард және Сержиу Консейсау бар екен.
Айта кетейік, 10 турдан кейін бар-жоғы екі ұпай жинаған «Вулверхэмптон» ішкі біріншілікте соңғы 20-орында келеді.