03.11.2025 15:57

Нико Уильямсты жарақаты мазалап жүр

03.11.2025 15:57

Нико Уильямс жарақатымен маусым басынан бері ойнап жүр

«Атлетик Бильбао» клубының шабуылшысы Нико Уильямс маусым басынан бері жамбас тұсындағы ауырсынуға байланысты толық ойынын көрсете алмай жүр.

MARCA басылымының хабарлауынша, футболшы бұл мәселеден толық айығу үшін операция жасатуы мүмкін. Егер клуб пен ойыншы хирургиялық жолмен емделуді шешсе, Нико 2–3 айға дейін алаңға шықпауы мүмкін.

Нико осы маусымда бір гол соғып, екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram