03.11.2025 22:16
Исак «Реалға» қарсы ойнамайды
03.11.2025 22:16
«Ливерпуль» ойыншысы Александер Исак Чемпиондар лигасының 4-туры аясындағы «Реалмен» ойынға қатыспайды

Бас бапкер Арне Слоттың айтуынша, швед шабуылшысы өткен турдағы «Айнтрахтқа» (5:1) қарсы матчта алған жарақатынан әлі айыққан жоқ.
26 жастағы футболшы топтық жаттығуға да оралмапты. Дегенмен, жексенбі күні өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін.
Сондай-ақ қорғаушы Джереми Фримпонг пен қақпашы Алиссон да әлі дайын емес екен.
«Энфилд» стадионында өтетін «Ливерпуль» мен «Реал» арасындағы кездесу ертең, 4 қараша сағат 01:00-ге жоспарланған.