04.11.2025 10:22

Жоан Гарсия қашан оралады?

04.11.2025 10:22

«Барселона» қақпашысы Жоан Гарсияның жағдайы белгілі болды

The Touchline мәліметінше, 24 жастағы ойыншы халықаралық үзілістен кейін топтық жаттығуға қосылады. Ал алаңға 22 қараша күні өтетін «Атлетикке» қарсы ойында оралады деп күтілуде.

Испаниялық голкипер тізесіндегі жарақатына байланысты соңғы жеті кездесуге қатыспаған еді.

Гарсия осы маусымда жеті матчта бес гол өткізіп, үш ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram