04.11.2025 16:59
«Челси» ойыншысы ереже бұзды
04.11.2025 16:59
Уэсли Фофана өрескел жол ережесін бұзған

Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін қорғаушы Уэсли Фофана 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. The Guardian басылымының хабарлауынша, футболшы жылдамдықты асырып, көлік қауіпті жүргізгені үшін жауапқа тартылады.
Мамыр айында қорғаушы екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Егер алдағы уақытта ол тағы да жол ережесін бұзса, түрме жазасына кесілуі мүмкін.
Фофана соңғы уақытта жарақаттардан кейін алаңға сирек шығып жүр. Бұл оқиға оның мансабына кері әсерін тигізуі мүмкін.