05.11.2025 00:39

«Арсенал» ірі есеппен жеңіске жетті

05.11.2025 00:39

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Арсенал» сырт алаңда «Славия» Праганы 3:0 есебімен жеңді

Лондон клубының сапында Микель Мерино дубль жасаса, Букайо Сака пенальтиден мергендік танытты.

Осылайша ұпайдан шашау шығармай келе жатырған «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш бастады.

Микель Артета шәкірттері келесі турда 27 қараша күні «Баварияны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram