05.11.2025 02:58

«Ливерпуль» «Реалдан» басым түсті

05.11.2025 02:58

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында «Реалды» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды 61-минутта Алексис Макаллистер Доминик Собослаидің пасынан кейін соқты.

Осылайша 9-ұпайын олжалған Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал еншісінде дәл осындай ұпайы бар «бланкос» бесінші сатыға жайғасты.

Келесі турда Арне Слот шәкірттері ПСВ-ны қабылдаса, Хаби Алонсоның жігіттері «Олимпиакосқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram