05.11.2025 03:10

«Бавария» ПСЖ-ны тізе бүктірді

05.11.2025 03:10

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Бавария» сырт алаңда ПСЖ-дан 2:1 есебімен басым түсті

Мюнхен клубының сапында Луис Диас дубль жасап, артынша алаңнан қуылып кетті. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Жоау Невеш соқты.

Осылайша барлық ойында жеңіске жеткен «Бавария» турнир кестесінде көш бастады. Ал еншісінде тоғыз ұпайы бар ПСЖ үшінші сатыға жайғасты.

Келесі турда Луис Энрике шәкірттері «Тоттенхэмді» қабылдайды. Ал Венсан Компанидің командасы «Арсеналмен» түзде күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram