05.11.2025 16:49

Суперкомпьютер «Қайраттың» жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

05.11.2025 16:49

Opta суперкомпьютері «Қайраттың» «Интерге» қарсы ойындағы жеңіске жету мүмкіндігін бағалады

Дереккөздің пайымынша, алматылық ұжымның басым түсу ықтималдығы 5,3%-ды құрайды. «Интердің» жеңісі болса 85,8%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 8,9% беріп тұр.

Чемпиондар лигасының 4-туры аясында Миланда өтетін ойын бүгін, 5 қараша сағат 01:00-де басталады. Ойынды Qazaqstan Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram