05.11.2025 17:46
«Милан» ойыншысы қатардан шықты
05.11.2025 17:46
«Милан» шабуылшысы Сантьяго Хименес қатардан шықты

24 жастағы шабуылшыны бірнеше ай бойы тобығындағы жарақаты мазалап жүр екен. Соңғы уақыттарда тіпті асқынып кетіпті. Осыған байланысты мексикалық футболшы шамамен бес аптадай ойнай алмайтын болды.
Хименес осы маусымда 11 ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.