05.11.2025 21:53

АПЛ 10-турының үздік ойыншысы белгілі болды

05.11.2025 21:53

«Челси» жартылай қорғаушысы Мойзес Кайседо Ағылшын Премьер-лигасының 10-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Тоттенхэмге» (1:0) қарсы ойында бір нәтижелі пас берген эквадорлық тұтқауыл дауыс беру нәтижесінде 30 пайыздық көрсетішке ие болып, үздік атанды. Екінші орынға Эрлинг Холанд (23%) жайғасса, үздік үштікті Деклан Райс (16%) түйіндеді.

Қалған бес үміткердің нәтижесі келесідей: Фредди Поттс – 14%, Доминик Собослаи – 12%, Диего Гомес пен Райан Сессеньон – 4%, Джефферсон Лерма – 1%.

Айта кетейік, 10 тур қорытындысынан кейін 25 ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram