06.11.2025 00:55
«Пафос» алғашқы 3 ұпайын еншіледі
06.11.2025 00:55
УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Пафос» өз алаңында «Вильярреалды» минималды есеппен жеңді

Кипрде өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Ойындағы жалғыз голды Деррик Лукассен соқты. Ал «Вильярреал» 90 минут бойы қарсылас қамалын бұза алмады.
Бұл ойыннан кейін «Пафос» live кестеде 5 ұпаймен 19 орынға жайғасса, «Вильярреал» қоржынында 1 ұпай бар. Сәйкесінше 32 орыннан әрі аса алмады.