06.11.2025 10:14

«Брюгге» ойыншысы рекорд орнатты

06.11.2025 10:14

Чемпиондар лигасының 4-турында «Брюгге» «Барселонамен» (3:3) тең тарқасты

Бұл кездесуде бельгиялық ұжымның шабуылшысы Карлуш Форбш Чемпиондар лигасында «Барселона» қақпасына гол соғып, нәтижелі пас берген ең жас ойыншы атанды. Форбш тарихи көрсеткішті 21 жас 231 күнінде орнатты.

Ал бұған дейінгі рекордты Дэвид Бекхэм (23 жас 137 күн) 1998 жылы тіркеген еді.

Форбш осы маусымда 15 матчта төрт гол соғып, бес ассист жасаған екен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram