06.11.2025 14:05

Месси Түркияда өнер көрсетуі мүмкін

06.11.2025 14:05

«Галатасарай» Лионель Мессимен келісімшарт жасауға дайын екендерін жеткізді

Түріктің «Галатасарай» клубы Лионель Мессиді қысқа мерзімге өз қатарларына қосуды жоспарлап отыр. Бұл кезең АҚШ-тың МЛС лигасындағы маусымаралық үзіліске тұспа-тұс келеді.

Клуб футбол жұлдызына қазіргі жалақысымен тең қаржылай ұсыныс жасауға дайын екендігін мәлімдеген. Егер қос тарап келісімге келсе, Месси 2026 жылдың басында Стамбулда өнер көрсетуі мүмкін.

Қазіргі таңда Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубының намысын қорғап жүр. Ал МЛС-тегі маусымның аяқталуы еуропалық клубтарға қысқа мерзімді келісімдер жасауға мүмкіндік береді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram