06.11.2025 15:18
«Интер» алғаш рет өз қақпасына гол жіберді
06.11.2025 15:18
УЕФА Чемпиондар лигасының 4-турында «Қайрат» сырт алаңда «Интерге» гол соқты

УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясында өткен «Интер» – «Қайрат» кездесуі алаң иелері үшін күтпеген жағдаймен аяқталды. Себебі «Интер» ЧЛ-ның осы маусымында алғаш рет өз қақпасына гол өткізді.
Бұған дейін «Интер» үш матч қатарынан қақпасын құрғақ ұстап, қарсыластарына бірде-бір мүмкіндік бермеген еді. Алайда Алматының «Қайраты» бұл серияны тоқтатты.
Ойын Миландағы әйгілі Джузеппе Меацца стадионында өтті. «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен жеңіліп қалғанымен, Еуропаның алып клубының қақпасына гол соғып, жанкүйерлерін қуантты.