06.11.2025 16:34
Чемпиондар лигасының фавориттері анықталды
06.11.2025 16:34
Opta суперкомпьютері 3-турдан кейін Чемпиондар лигасының фавориттерін жариялады
Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» (21.53%) бастап тұр. Екінші орынға «Бавария» (14.33%) жайғасса, үздік үштікті «Манчестер Сити» (12.95%) түйіндеді.
Сондай-ақ ондықта «Ливерпуль» (11.72%), ПСЖ (10.22%), «Реал» (4.70%), «Барселона» (4.24%), «Интер» (4.19%), «Челси» (3.85%) және «Ньюкасл» (3.49%) бар.
Ал «Қайраттың» үздік 24 клубтың қатарына ілігу мүмкіндігі 0.85%-ды құрайды.
Турнир кестесінде ұпайдан шашау шығармаған «Бавария» мен «Арсенал» көш бастап тұр.