06.11.2025 15:52
«Милан» әзірге тоқтар емес
06.11.2025 15:52
«Милан» 10 матч бойы жеңілістің ащы дәмін татпады

Жексенбі күні Массимилиано Аллегридің шәкірттері Италия А Сериясының 10-турында «Романы» 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Қызыл-қаралар биылғы маусымдағы жалғыз жеңілісін алғашқы турда «Кремонезеге» қарсы ойында (1:2) тіркеген еді. Содан бері команда жеті рет жеңіске жетіп, үш ойынды тең нәтиже тіркеген.
Келесі турда «Милан» сырт алаңда «Пармаға» қарсы бақ сынайды. Кездесу 8 қараша күні өтеді.