06.11.2025 17:11
«Манчестер Юнайтед» жас шабуылға көз тікті
06.11.2025 17:11
«Манчестер Юнайтед» Витор Рокені қатарға қосуды көздеп отыр

Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубы жас шабуылшы Витор Рокені өз қатарына қосуды жоспарлап отыр. Diario Sport мәліметінше, «қызыл сойқандар» футболшы үшін 50 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын.
Қазіргі уақытта Роке «Палмейрас» сапында өнер көрсетіп жүр. Дегенмен, ойыншының трансферлік құқығының 20 пайызы әлі де «Барселонаға» тиесілі. Бұл жағдай келіссөз процесін сәл күрделендіруі мүмкін.
Витор Роке «Палмейрас» сапында 16 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.