07.11.2025 13:51
ПСЖ жаңа қорғаушы іздеуде
07.11.2025 13:51
ПСЖ қыста Данило Муньосты қатарға қосуды көздеп отыр

Францияның беделді L’Équipe басылымының хабарлауынша, ПСЖ «Кристал Пэлас» қорғаушысы Даниэль Муньосты қаңтар айында қатарға қосуды жоспарлап отыр.
Париж клубы бұл шешімді командадағы негізгі оң қаптал қорғаушысы Ашраф Хакимидің кезекті жарақатына байланысты қабылдаған. Клуб басшылығы Муньосды сенімді қосалқы нұсқа әрі оң қапталдағы бәсекені күшейтетін ойыншы ретінде қарастырып отыр.
Бельгия чемпионатында жарқырап шыққан Муньос соңғы маусымдарда Ағылшын Премьер-лигасында тұрақты ойын көрсетіп жүр. Осы маусымда 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп үлгерген.