16.12.2025 22:52
2025 жылдың үздік ойыншысы белгілі болды
16.12.2025 22:52
ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле Thе Best нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

28 жастағы француз дауыс беру нәтижесінде Коул Палмер, Педри, Витинья, Ламин Ямаль, Харри Кейн, Нуну Мендеш, Ашраф Хакими, Мұхамед Салах, Килиан Мбаппе және Рафиньяны артқа тастады.
Дембеле ПСЖ-мен өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол France Football нұсқасы бойынша «Алтын доп» иегері атанды.
Ал былтыр «Реал» вингері Винисиус Жуниор үздік деп танылған.