16.12.2025 21:07

Ямаль жыл үздігі атанды

16.12.2025 21:07

«Барселона» вингері Ламин Ямаль 2025 жылдың үздік жас ойыншысы атанды

Бұл жүлдені оған Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) табыстады.

18 жастағы Испания жұлдызы дауыс беру нәтижесінде Арда Гүлер («Реал Мадрид»), Айюб Буадди («Лилль»), Дин Хейсен («Реал»), Дезире Дуэ («ПСЖ»), Итан Нванери («Арсенал»), Жеовани Кендa («Спортинг»), Кенан Йылдыз («Ювентус»), Лени Йоро («Манчестер Юнайтед»), Майлз Льюис-Скелли («Арсенал»), Пау Кубарси («Барселона»), Родриго Мора («Порту»), Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ»), Эстевао («Челси»), Франко Мастантуоно («Реал»), Райан Роша («Васко да Гама»), Витор Роке («Палмейрас»), Обед Варгас («Сиэтл Саундерс»), Нестори Иранкунда («Уотфорд») және Элисс Бен-Сегирді («Байер») шаң қаптырды. Аталған ойыншылардың бәрі 2005 жылдың 1 қаңтарынан бері туылғандар.

Осылайша Ямаль бұл аталым бойынша екінші жыл қатарынан топ жарды. Сондай-ақ ол France Football аясында да үздік жас ойыншы атанып, «Копа Трофейін» жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Ламин осы маусымда 18 матчта сегіз гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram