23.12.2025 21:26
А Сериясының ең қымбат ойыншысы белгілі болды
23.12.2025 21:26
Бүгін, 23 желтоқсанда белгілі Transfermarkt порталы Италия А Сериясында ойнайтын футболшылардың нарықтағы құнын жаңартты
Лаутаро Мартинес («Интер») – 85 миллион еуро
Алессандро Бастони («Интер») – 80 млн
Кенан Йылдыз («Ювентус») – 75 млн
Рафаэл Леау («Милан») – 70 млн
Нико Пас («Комо») – 65 млн (+10 млн)
Кристиан Пулишич («Милан») – 60 млн
Николо Барелла («Интер») – 60 млн (-5 млн)
Маркус Тюрам («Интер») – 60 млн (-15 млн)
Ману Коне («Рома») – 50 млн
Федерико Димарко («Интер») – 50 млн
Бүгінгі жаңартудың нәтижесінде басқа ойыншыларға қарағанда «Кальяри» қорғаушысы Марко Палестраның бағасы едәуір өсті. Нақтырақ айтсақ, оған 16,5 миллион еуро қосылып, құны 25 миллионды құрады. Ал ең қатты арзандап кеткен «Ювентус» ойыншысы Бремер болды. Жақында сол аяғына ота жасатқан 28 жастағы Бразилия өкілінің құны 50 миллионнан 35 миллионға құлады.
Айта кетейік, 16 турдан кейінгі турнир кестесінде 15 матчта 33 ұпай жинаған «Интер» көш бастап тұр.