23.12.2025 17:24
«Барселона» қақпашысы Англияға баруы мүмкін
23.12.2025 17:24
«Астон Вилла» Марк-Андре тер Штегенге қызығушылық танытуда

Англияның «Астон Вилла» клубы «Барселонаның» қақпашысы Марк-Андре тер Штегенді өз қатарына қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, неміс қақпашысы келесі жылы өтетін әлем чемпионаты қарсаңында тұрақты ойын тәжірибесіне ие болуды көздейді. Осыған байланысты ол клубтағы жағдайын қайта қарастыруы мүмкін.
Ал «Астон Виллада» қақпашы мәселесі өзекті болып отыр. Команданың негізгі голкипері Эмилиано Мартинестің болашағы күтпеген жерден күмән тудырып, клуб басшылығы жаңа нұсқаларды қарастыра бастаған. Осы тұрғыда тер Штеген тәжірибесі мен жоғары деңгейдегі ойынымен «Вилла» үшін маңызды трансфер болуы ықтимал.