23.12.2025 15:13

Бруну Фернандеш қашан оралады?

23.12.2025 15:13

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш саптан шығып қалды

31 жастағы Португалия ойыншысы «Астон Виллаға» (1:2) қарсы ойында жарақат алды.

The Sun хабарлауынша, ол осыған байланысты кемі бір ай командасына көмектесе алмайды. Болжам бойынша Бруну 25 қаңтарға жоспарланған «Арсеналға» қарсы ойынға дайын болады.

Бұл оның 13 жылдық мансабындағы небәрі бесінші жарақаты болды. Осыған дейін 40 күні емделуге кетіп, алты матчтан тыс қалған.

Бруну осы маусымда клубтың барлық 18 ойынына қатысып, бес гол мен жеті нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram