23.12.2025 14:36

«Галатасарай» «Бавария» қорғаушысына қызығушылық танытты

23.12.2025 14:36

«Галатасарай» «Баварияның» қорғаушысын қатарға қосқысы келеді

«Баварияның» қорғаушысы Саша Боэ Германия Бундеслигасынан Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік желілер арқылы инсайдер Флориан Плеттенберг хабарлады.

Журналистің мәліметінше, футболшының трансферіне Стамбұлдың «Галатасарай» клубы қызығушылық танытып отыр. Түрік клубы Боэ үшін АПЛ-дың екі өкілі - «Ньюкасл» және «Кристал Пэласпен» бәсекеге түсуге дайын.

Өз кезегінде «Бавария» қорғаушыны сатудан шамамен 20 миллион еуро табыс табуды жоспарлап отыр. Саша 2024 жылдың қаңтар айынан бері «Бавария» сапында ойнап келеді. Қос тарап арасындағы келісім 2028 жылдың маусым айында аяқталады. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 18 миллион еуро деп бағалап отыр.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram