23.12.2025 14:28
«Байер» жас талантқа көз тікті
23.12.2025 14:28
«Байер» «Брайтонның» 17 жастағы жартылай қорғаушысы Хауэллдің трансфері жөнінде келіссөздерді бастады

«Байер» жазда «Брайтонның» шабуылға бейім жартылай қорғаушысы Харри Хауэллді сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sky Sport журналисі Флориан Плеттенберг.
Келіссөздердің басталып кеткені атап өтіледі. Харридің қызметіне Германияның басқа да клубтары қызығушылық танытып отыр.
Transfermarkt порталы «Брайтон» U-21 командасында өнер көрсететін Хауэллді 300 мың еуроға бағалап отыр. Осы маусымда ол «Брайтонның» негізгі құрамында 2 матч өткізді - екеуі де Лига кубогында. Ол 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.