23.12.2025 14:13
Фюллькруг Италияға келді
23.12.2025 14:13
Фюллькруг «Миланмен» трансферді аяқтау үшін Италияға келді

«Вест Хэм» клубының шабуылшысы Никлас Фюллькруг «Миланмен» трансферді аяқтау үшін Италияға келді, деп жазады Джанлука Ди Марцио. 23 желтоқсанда 32 жастағы шабуылшы италиялық клубпен келісімшартқа қол қоймас бұрын медициналық тексеруден өтуі тиіс.
«Россонерилер» неміс шабуылшысын маусым соңына дейін жалға алады. Келісімде 13–14 миллион еуроға сатып алу құқығы қарастырылған.
Өткен жылдың жазында «Вест Хэм» Никлас Фюллькруг үшін дортмундтық «Боруссияға» 27 миллион еуро төлеген.